ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Жаудинов финалда Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановты жеңіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) өз салмақтарында топ жарған еді.

Сонымен қатар Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.

Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button