
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өткен халықаралық турнирде тағы екі алтын медаль иеленді.
Батырхан Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Ал Назым Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының турнирдегі жүлде саны жеті медальға жетті. Бұған дейін Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева (49 келіге дейін), сондай-ақ Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған еді.



