ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

1/8 финалда әлемнің екінші ракеткасы Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездесті. Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button