
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup халықаралық турнирінде екі қола медаль иеленді.
49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі жүлделер санын екі медальға жеткізді.
Айта кетейік, халықаралық жарыс 20 тамызға дейін жалғасады.



