ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасы, америкалық Кори Гауффпен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина алғашқы партияда 5:7 есебімен есе жібергенімен, кейін ойын тізгінін толық өз қолына алды. Ол келесі екі сетті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Енді турнирдің чемпиондық атағы үшін Елена Рыбакина Польша өкілі, әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Ига Швентекпен кездеседі.

Айта кетейік, Торонтодағы WTA 1000 турнирі АҚШ ашық чемпионаты алдындағы ең беделді жарыстардың бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button