ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Түркістан қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия кубогы кезеңінде табысты өнер көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды.

Ұлдар арасындағы жарыста Рамазан Әйнегов 21 минут 59 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетіп, чемпион атанды. Екінші орынды Гор Депершмидт (22:04), ал үшінші орынды Ресей өкілі Илья Зотов (22:12) иеленді.

Қыздар арасында Алуа Нұрмұхамет 25 минут 26 секунд көрсеткішпен алтын медаль жеңіп алды. Калерия Шнайдер (25:48) күміс жүлдеге ие болса, Ресей спортшысы Алёна Лопатина (25:50) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Түркістанда өткен ересектер арасындағы Азия кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлықтық жарыстағы жүлделер қорын толықтыра түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button