ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қазақстанның U20 әлем чемпионатына қатысатын жеңіл атлеттері анықталды

5 тамызда АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын 11 спортшы қорғайды.

Ұлттық құрама сапына диск лақтырудан Максим Сажнев, 5000 метрге спорттық жүрістен Шерхан Егізбай, Егорь Струков және Маргарита Стороженко, үш қарғып секіруден Глеб Гладилов, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Кирилл Савченко, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Богдан Гончаров, сырықпен секіруден Анна Черкашина, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Антонина Чернышова мен Алина Головина, сондай-ақ 400 метрге жүгіруден Софья Киденко енді.

U20 әлем чемпионаты 5–9 тамыз аралығында өтеді. Әлем біріншілігіне дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 1800-ден астам жас жеңіл атлет қатысып, жүлделерді сарапқа салады. Қазақстандық спортшылар да халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетуге және ел қоржынына медаль салуға талпыныс жасайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button