БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын тарихи алтынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Гонконгта өткен 2026 жылғы семсерлесуден әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтап, ел тарихындағы тұңғыш алтын медальмен оралды.

Турнирдің соңғы жарыс күнінде әйелдер арасындағы командалық рапира және ерлер арасындағы командалық сабля сайыстары өтті. София Актаева, Алина Искандерова және Алена Гноевадан құралған әйелдер құрамасы алғашқы кездесуінде Ресейге 16:45 есебімен есе жіберді.

Ал ерлер арасындағы командалық сабля бәсекесінде Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай, Нұрмұхаммед Жайлыбай және Назарбай Саттархан Испания құрамасына 37:45 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір алтын медальмен қорытындылады. Бұл тарихи жетістікке ерлер арасындағы командалық шпага сайысында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қол жеткізді. Қазақстандық семсерлесушілер финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Бұл жеңіс Қазақстан семсерлесу тарихындағы ең жоғары нәтиже болып саналады және ұлттық құраманың әлемдік деңгейдегі әлеуетін айқын көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button