
Елордада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионатының жалауы көтерілді. Ел біріншілігіне еліміздің үздік велошабандоздары қатысып, алғашқы жарыс күнінде жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасындағы омниум бағдарламасында Ақмола облысының өкілі Андрей Чугай чемпион атанды. Күміс медальді Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Данияр Шаяхметов иеленсе, қола жүлде астаналық Дмитрий Резановқа бұйырды.
Қазақстан чемпионаты елдің жетекші велошабандоздарының шеберлігін саралап қана қоймай, халықаралық жарыстар алдындағы дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биылғы ел біріншілігі 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады.



