КҮРЕСТРЕНДТЕ

Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Айша Әбдімәлік Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында финалға жолдама алып, алтын медаль үшін күресетін болды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айша жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді жеңіп, шешуші белдесуге шықты.

Әлем чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Моңғолия балуаны Ариунул Болдбаатармен кездесіп, чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ал 49 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button