
Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Чемпиондық жолында Дияр Аманәлі жоғары деңгейдегі күрес көрсетті. Ол жарыс барысында Грекиядан Николаос Зинисті, Ресейден Эдем Пайзиевті, Грузиядан Георгий Кеделидзені, Болгариядан Данимир Йордановты, ал финалда венгриялық Кеве Ковачты жеңіп шықты.
Осылайша Дияр Аманәлі Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының алтын медалін салып, жастар арасындағы дүбірлі додада ел мерейін үстем етті.



