
Қазақстандық балуан Әли Алмас Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі алғашқы жүлдесі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әли Алмас жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол ресейлік Солтан Юсуповпен кездесіп, 3:8 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, ұлттық құраманың қоржынына алғашқы медальді салды.



