
Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды. Әли Алмас пен Дияр Аманәлі бүгін әлем чемпионы атағы үшін белдеседі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әли Алмас жартылай финалда Армения балуаны Арарат Аветисянды 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді қазақстандық спортшы алтын медаль үшін Ресей өкілі Солтан Юсуповпен күш сынасады.
55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі де сенімді күрес көрсетіп, жартылай финалда Болгария спортшысы Данимир Йордановты 8:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Финалда оның қарсыласы Венгрия балуаны Кеве Ковач болады.
U17 әлем чемпионатының финалдық белдесулері 28 шілде күні өтеді. Қазақстандық қос балуан ел қоржынына алтын медаль салуға мүмкіндік алады.


