
Алматыда үстел теннисінен жастар арасындағы WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтіп жатыр. Додада Қазақстан құрамасы алғашқы медалін қоржынға салды.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдегер атанды. Жарыс барысында отандық жұп Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия спортшыларынан басым түсті. Ал жартылай финалдық бәсекеде Үндістан өкілдеріне есе жіберіп, турнирдің 3-орынын місе тұтты.



