ТЕННИСТРЕНДТЕ

Астанада теннистен Президент кубогы халықаралық турнирлер сериясы өтеді

27 шілде мен 16 тамыз аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында Президент кубогы халықаралық турнирлер сериясы өтеді. Ауқымды спорттық шара аясында ATP Challenger Tour және World Tennis Tour бәсекелері ұйымдастырылады.

Жарыс кестесіне сәйкес, 27 шілдеден 9 тамызға дейін World Tennis Tour W15/M15 бәсекелері өтсе, 10 тамыздан бастап ATP Challenger 50 және World Tennis Tour W15 додаларының ойындары басталады.

Биылғы турнирде ел намысын отандық жас теннисшілер — Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова, Іңкәр Дүйсебай, Сандуғаш Кенжібаева және Альбина Какенова қорғайды.

Айта кетейік, Президент кубогы 1991 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді, ал 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары бұл бәсекеде қазақстандық Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, сондай-ақ Иван Додиг, Чжан Шуай, Себастьян Оффнер және Райнер Шуттлер сияқты әлемдік теннис жұлдыздары жеңімпаз атанған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button