БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық теннисшілер WTT Youth Contender Tashkent II турнирінде жеті медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі мәресіне жетті. Әлемнің 22 елінен келген жас спортшылар қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі.

Қазақстан қоржынына екі алтын жүлде түсті. U19 жас санатында Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанса, U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова чемпиондық атақты жеңіп алды.

Назерке Болатбек U11 жас санатында күміс медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының кезекті жүлдесін қоржынға салды.

Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 санатында қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық жас үстел теннисшілері халықаралық турнирді екі алтын, бір күміс және төрт қола медальмен аяқтап, халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button