БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Валат Мусаев жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті. Жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен Валат Мусаев әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық мерген 10 метр қашықтықтан қозғалмалы нысанаға оқ атудың аралас жаттығу бағдарламасында үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.

Күміс медаль Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэге бұйырса, Финляндия спортшысы Уильям Эрик Вилькман қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Таллиндегі қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионаты 26 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы жарыстың қалған күндерінде де жүлделер үшін күресін жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button