БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан жүзуден жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жүзгіштері жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық команда жарысты алты алтын, жеті күміс және үш қола медальмен қорытындылады.

Азия чемпионы атанған спортшылар қатарында Александр Румынский (100 және 200 метрге шалқалап жүзу), Даниил Чужинов (200 метрге кешенді жүзу) және Анатолий Руденко (50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзу) бар. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы А тобындағы 4×100 метрлік аралас эстафетада да алтын медаль жеңіп алды.

Күміс жүлделерді Александр Миронычев (50 метрге баттерфляй және 50 метрге еркін стильмен жүзу), Дарья Чеснокова (50 метрге шалқалап жүзу), Федор Диденко (800 метрге еркін стильмен жүзу), В тобындағы 4×100 метрлік аралас эстафета, А тобындағы 4×200 метрлік еркін стиль эстафетасы және тағы бір 4×100 метрлік аралас эстафета иеленді.

Қола медальдарды Федор Диденко (400 метрге еркін стильмен жүзу), Даниил Чужинов (400 метрге кешенді жүзу) және А тобындағы 4×100 метрлік еркін стиль эстафетасы жеңіп алды.

Айта кетейік, Бангкоктағы құрлық біріншілігінде жасөспірімдер мен жастар санатындағы спортшылар сынға түсуде. Қазақстан құрамасының қоржынында жарыс қорытындысы бойынша 16 медаль – алты алтын, жеті күміс және үш қола жүлде бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button