БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 13 жасқа дейінгі (U13) санаттағы жарыста сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде ол Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Жарыста Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Назерке Болатбек те бақ сынады. Ол U13 санатында ширек финалға дейін жетіп, халықаралық додадағы сәтті өнерімен көзге түсті.

Осылайша, Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына кезекті халықаралық жүлдені салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button