ТЕННИСТРЕНДТЕ

Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінде алғаш рет финалға шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің жұптық сынының финалында өнер көрсетті.

Жібек Құламбаева армениялық Алина Чараевамен бірге жарыстың шешуші кезеңіне дейін жетіп, чемпиондық атақ үшін бақ сынады.

Финалда қазақстандық-армениялық жұп чехиялық Анастасия Децюк пен ресейлік Ирина Хромачевамен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қарсыластары 4:6, 6:2, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Жібек Құламбаеваның WTA 250 санатындағы турнир финалындағы алғашқы өнер көрсетуі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button