ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында тағы бір жүлде жеңіп алды

Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші медаліне қол жеткізді.

Аралас эстафета бәсекесінде Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко өнер көрсеткен қазақстандық команда 1 сағат 34 минут 56 секунд нәтижемен мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Алтын медальды 1:34:31 уақыт көрсеткен Румыния құрамасы жеңіп алса, Түркия құрамасы 1:35:42 нәтижесімен қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының мүшесі Диана Ержанова осы турнирдің жекелей сынында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button