ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында екінші медалін жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізді.

Аралас командалар арасындағы қола медаль үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасының сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Чхунчхондағы командалық Әлем кубогын екі медальмен аяқтады. Бұған дейін ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button