БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы U23 Азия чемпионатын алты алтын медальмен аяқтады

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U23 жас санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасы үш алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды.

75 келіге дейінгі салмақта Аман Қонысбек финалда Қырғызстан өкілі Алмаз Оразбековты жеңіп, Азия чемпионы атанды.

85 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев шешуші кездесуде өзбекстандық Норбек Абдуллаевтан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

90 келіден жоғары салмақта Ибрагим Бетаев финалда Өзбекстан спортшысы Самир Сабировты жеңіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.

Күміс медальдарды Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Өнер Сейілхан (80 келіге дейін) еншіледі. Олар финалдық жекпе-жектерде қарсыластарына жол берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы U23 жас санатындағы Азия чемпионатын алты алтын, жеті күміс және үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін әйелдер арасындағы жарыста Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін) және Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) чемпион атанса, Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) және Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) күміс жүлде жеңіп алған болатын. Сонымен қатар Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола медаль иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button