
Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясындағы алты кездесу өтіп, турнир кестесінде бірқатар өзгеріс болды.
Турдың орталық матчтарының бірінде «Астана» өз алаңында «Ақтөбені» 3:2 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін елордалық клуб 29 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді.
Турда «Тобыл» да маңызды жеңіске жетіп, «Оқжетпесті» 3:1 есебімен ұтты. «Жеңіс» сырт алаңда «Ертісті» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Алтай» дәл осындай есеппен «Жетісудан» басым түсті.
«Каспий» өз алаңында көшбасшы «Ордабасыны» 3:2 есебімен жеңіп, турдың басты сенсациясын тіркеді. Ал «Ұлытау» «Қайсарды» 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.
17-турдың алғашқы ойындарынан кейін турнир кестесінде «Ордабасы» 40 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 39 ұпайы бар «Қайрат» келеді. Үздік үштікті 29 ұпаймен «Астана» түйіндеп тұр.
Алғашқы алтылыққа сондай-ақ «Оқжетпес» (27 ұпай), «Елімай» (26 ұпай) және «Ұлытау» (26 ұпай) кіріп отыр.



