ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы мен әлем чемпионаты өтеді

Астана 2027 жылы шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионатын қабылдайды.

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми күнтізбесіне сәйкес, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының үшінші кезеңі 2027 жылдың 22–24 қаңтары аралығында өтеді. Ал әлем чемпионаты 28–31 қаңтарға жоспарланған.

Бұл Қазақстан үшін қысқы спорт түрлеріндегі ірі халықаралық жарыстарды қабылдаудағы кезекті маңызды қадам болмақ. Бұған дейін, 2025 жылы Астана жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңін жоғары деңгейде ұйымдастырып, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына ие болған еді.

Сонымен қатар, ISU бұған дейін елордада мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Аталған халықаралық дода 2027 жылдың 9–14 ақпаны аралығында өтеді.

Осылайша, 2027 жылы Астана қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша бірден бірнеше беделді халықаралық жарыстың орталығына айналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button