БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстанның 12 боксшысы U23 Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда. 12 шілдеде U23 санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасының 12 боксшысы финалға шықты.

Ақтық сынға жолдама алған спортшылар қатарында Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін), Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Аман Қонысбек (75 келіге дейін), Өнер Сейілхан (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) бар.

Сондай-ақ Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) қарсыласының болмауына байланысты финалға тікелей жолдама алды.

Ал Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жартылай финалда жеңіліп, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, U23 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15–16 шілде аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button