
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 санатындағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды.
Отандасымыз алғашқы кездесуде жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі, италиялық Нурия Бранкаччоны үш сетке созылған тартысты матчта жеңді. Кездесу 2:6, 6:1, 6:4 есебімен Жібектің пайдасына аяқталды.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шығу үшін Германия өкілі Йоэль Штойрмен кездеседі.



