
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алты өкілі U19 санатында ширек финалға шықты.
1/8 финалдық кездесулерде Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін) және Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) қарсыластарын техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге сенімді өтті.
Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін) және Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін) өз жекпе-жектерінде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, U19 Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері 9 шілдеде өтеді.



