
Польшаның Краков қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» бағдарламасы бойынша сынға түсіп, жеке және командалық жарыстарда өнер көрсетті.
Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылардың ішінен ең жоғары нәтижені Ришат Хайбуллин тіркеп, 13-орынға ие болды. Дамир Тоқтаров 21-орынға тұрақтаса, Әмір Маймұратов жарысты 22-орынмен аяқтады. Сондай-ақ Әлішер Мұрат 49-орыннан көрінсе, Рашид Хайбуллин 50-сатыға жайғасты.
Әйелдер арасында Тамара Улжабаева 32-орын иеленді. Ал Анна Баларшина 46-орынға, Арина Новицкая 57-орынға тұрақтады.
Командалық эстафетада Қазақстанның ерлер құрамасы тоғызыншы орынға ие болды. Әйелдер құрамасы жарысты 15-орынмен аяқтады.



