Триатлоннан Қазақстан чемпионаты аяқталды: ел чемпиондары анықталды

Көкшетау қаласында триатлоннан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Елдің үздік спортшылары ересектер және жас ерекшеліктері бойынша бірнеше санатта бақ сынап, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды.
Ересектер арасында (M-ELITE) Ақмола облысының өкілі Аян Бейсенбаев чемпион атанды. Күміс жүлдені Темирлан Темиров, ал қола жүлдені Максим Шмулич иеленді. Үш спортшы да Ақмола облысының намысын қорғады.
Әйелдер арасындағы (F-ELITE) жарыста Астана қаласының спортшысы Диана Ержанова алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын Аида Кимге бұйырса, үздік үштікті Қостанай облысының өкілі Екатерина Шабалина түйіндеді.
23 жасқа дейінгі ерлер арасында (M-U23) Арлан Жаңабай (Ақмола облысы) жеңімпаз атанды. Шымкенттен келген Федор Кузнецов күміс жүлдеге ие болса, Астана қаласының спортшысы Алинбай Маралбеков қола медаль иеленді.
23 жасқа дейінгі қыздар арасында (F-U23) Рамина Агабаева (Шымкент) чемпион атанды. Түркістан облысының өкілі Софья Колюка екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Астана қаласының спортшысы Сара Маралбекова қорытындылады.
15 жасқа дейінгі ұлдар арасында (M-U15) Александр Суховольский (Ақмола облысы) жеңіске жетті. Хайдар Исмаилбаев (Астана) екінші, Айтуған Кумыкбаев (Алматы) үшінші орын алды.
15 жасқа дейінгі қыздар арасында (F-U15) Ақмола облысының спортшылары толықтай жүлде тұғырын иеленді. Чемпион атанған Полина Степченкоға Дарья Лапина мен Мария Косьянова серік болды.
13 жасқа дейінгі ұлдар арасында (M-U13) Қостанай облысының өкілі Володар Мощенко топ жарды. Екінші орын Ақмола облысының спортшысы Альфинур Тыржановқа бұйырса, үшінші орынды Атырау облысынан Ердар Нурбаев иеленді.
13 жасқа дейінгі қыздар арасында (F-U13) да Ақмола облысының спортшылары үстемдік танытты. Алтын медальді Сафия Каирбекова жеңіп алса, күміс жүлдені Елизавета Белоколенко, қола жүлдені Бэлла Шендрикова еншіледі.



