КҮРЕСТРЕНДТЕ

Күрестен U20 Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі алтын медаль түсті

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында еркін күрес бәсекелері аяқталды.

5 шілдеде Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек финалда үндістандық Пушпты жеңіп, Азия чемпионы атанды.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков шешуші белдесуде ирандық Мохаммад Мамивандтан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали финалда түрікменстандық Довлетгельды Мурадовқа есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола медаль үшін өткен белдесуде үндістандық Сахил Далалды айқын басымдықпен жеңіп, үздік үштікті түйіндеді.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін) пен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) күміс медаль салса, Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button