КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуан қыздар U20 Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан күрестен U20 жас санатындағы Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жарыстар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін бес жүлдемен аяқтады.

Қазақстандық спортшылар екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

65 келіге дейінгі салмақта Жаңыл Бекен финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Мұхайё Нарзиллоеваға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан да финалға шығып, қытайлық Чэньлин Сунға жол берді. Осылайша, ол да Азия чемпионатының күміс медалін еншіледі.

53 келіге дейінгі салмақта Динара Дауылқызы қола жүлде үшін өткен белдесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Вэй Тин Чэньді жеңді.

57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль үшін өткен кездесуде Қытайлық Тайбэй спортшысы Юй Сюань Чэннен басым түсіп, жүлдегерлер қатарына енді.

59 келіге дейінгі салмақта Айжан Мұратбай Филиппин өкілі Мириам Грейс Балисмені жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші қола медальді салды.

Айта кетейік, U20 жас санатындағы Азия чемпионаты Паттайя қаласында жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button