
Қазақстандық садақшылар Испанияның Мадрид қаласында өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңінде ел намысын қорғайды. Халықаралық World Archery федерациясы жарысқа қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы классикалық және блоктық садақ ату бағдарламаларында бақ сынайды.
Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Дастан Каримов, Дәулеткелді Жаңбырбай, Медина Мұрат, Алина Тимралиева, Александра Землянова және Самира Жұмағұлова.
Блоктық садақ ату: Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет, Андрей Тютюн, Виктория Лян, Диана Юнусова, Роксана Юнусова және Адель Жексенбинова.
Айта кетейік, садақ атудан Әлем кубогының Мадридтегі кезеңі 7-12 шілде аралығында өтеді. Қазақстандық мергендер жекелей және командалық сайыстарда жүлделер үшін бақ сынайды.



