Ғұсман Қосановты еске алу турнирі: Қазақстандық жеңіл атлеттер бірнеше жүлде жеңіп алды

Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар бірнеше бағдарламада жеңіс тұғырына көтерілді.
Алтын медальді үш қарғып секіруден Мария Ефремова (13,83 м), 800 метрге жүгіруден Рамазан Шаиев (1:51.77), сырықпен секіруден Полина Иванова (4,10 м) және 5000 метрге жүгіруден Ақбілек Құралай (17:26.10) жеңіп алды.
Күміс жүлдеге 110 метр кедергілер арқылы жүгіруден Антонина Чернышева (13.78), 800 метрге жүгіруден Ақбаян Нұрмамбет (2:07.98) пен Никита Изотов (1:52.08), сырықпен секіруден Анна Черкашина (4,00 м), 200 метрге жүгіруден Виктория Ан (24.21) мен Виталий Земс (21.45), 110 метрге жүгіруден Давид Ефремов (13.95), сондай-ақ Виктория Ан, Виталий Земс, Екатерина Пузырева және Руслан Құрманалиевтен құралған Қазақстан құрамасы (4×100 метр аралас эстафета) ие болды.
Қола медальді 110 метр кедергілер арқылы жүгіруден Алина Чистякова (14.09), үш қарғып секіруден Елизавета Якименко (12,50 м), 800 метрге жүгіруден Аяна Болатбекқызы (2:08.01), сырықпен секіруден Анастасия Ибрагимова (3,80 м), 5000 метрге жүгіруден Арина Гладышева (17:42.91), сондай-ақ Алмат Төлебаев, Данил Сутжанов, Татьяна Но және Дария Гридасовадан құралған «Қазақстан-2» командасы (4×100 метр аралас эстафета) жеңіп алды.
Айта кетейік, Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир дәстүрлі түрде Қазақстанның үздік жеңіл атлеттері мен шетелдік спортшылардың басын қосатын беделді жарыстардың бірі саналады.



