Ғұсман Қосановты еске алу турнирі: Қазақстан алғашқы күні бірнеше алтын медаль жеңіп алды

Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар бірнеше бағдарламада жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Алтын медаль иегерлері қатарында 400 метр кедергілер арқылы жүгіруден Аделина Земс (55.69) пен Вячеслав Земс (50.90), 400 метрге жүгіруден Ефим Тарасов (47.43), 1500 метрге жүгіруден Аяна Болатбекқызы (4:19.43), ұзындыққа секіруден Мария Ефремова (6.01 м), сырықпен секіруден Максим Балабин (5.20 м), сондай-ақ Кристина Миньковская, Мария Щипачева, Анастасия Кононович және Елизавета Якименкодан құралған «Қазақстан-3» әйелдер эстафеталық құрамасы (4×100 м) бар.
Күміс медальді 400 метр кедергілер арқылы жүгіруден Анастасия Колода (59.66), 100 метрге жүгіруден Виктория Ан (11.97), ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова (5.91 м), сырықпен секіруден Иван Товченик (5.10 м), сондай-ақ Иван Тетерин, Алмат Төлебаев, Данил Сутжанов және Руслан Құрманалиевтен құралған «Қазақстан-1» ерлер құрамасы (4×100 м) иеленді.
Қола жүлдегерлер қатарында Екатерина Колода (400 м кедергілер арқылы жүгіру), Александра Залюбовская (400 м), Эльнор Мұхитдинов (400 м), Ақбаян Нұрмамбет (1500 м), Игорь Хрунин (1500 м), Арина Мишеева (100 м), Алмат Төлебаев (100 м), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Данил Полянский (сырықпен секіру), Иван Иванов (ядро лақтыру), сондай-ақ «Қазақстан-2» ерлер және «Қазақстан-3» әйелдер эстафеталық командалары (4×100 м) бар.
Айта кетейік, Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир алдағы күндері де жалғасып, спортшылар тағы бірнеше жеңіл атлетикалық бағдарлама бойынша жүлделерді сарапқа салады.



