ТЕННИСТРЕНДТЕ

Жібек Құламбаева Нидерландтағы ITF турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерландтың Амстелвен қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жұптық сынында сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Отандасымыз бұл жарыста бельгиялық Полина Бахмуткинамен бірге жұп құрап өнер көрсетуде. Екеуі алғашқы айналымда америкалық Габриэла Вилар мен польшалық Вероника Фальковскаядан құралған жұпты 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Енді Жібек Құламбаева мен Полина Бахмуткина жартылай финал жолдамасы үшін Нидерланд өкілдері Джой де Зееув пен Антония Стояновқа қарсы кортқа шығады.

Айта кетейік, ITF W35 турнирі жас және тәжірибелі теннисшілердің әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар сарапқа салатын халықаралық жарыстарының бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button