
11-12 шілде күндері Қытайлық Тайбэйдің Тайбэй қаласында дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала өтінімдерін жариялады.
Алдын ала тізім бойынша Қазақстан құрамасының сапында 14 дзюдошы бақ сынайды.
Ерлер:
- 60 келіге дейін – Тоқтар Үміталиев, Асылхан Зейнуллин;
- 66 келіге дейін – Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
- 73 келіге дейін – Мади Жеткерген, Береке Рахматуллаұлы;
- 81 келіге дейін – Мади Амангелді;
- 100 келіге дейін – Әділет Сапарғалиев;
- 100 келіден жоғары – Мади Еділбаев, Санжар Жабборов.
Әйелдер:
- 48 келіге дейін – Аяна Дүйсенбай;
- 52 келіге дейін – Айшабибі Мурадимова;
- 63 келіге дейін – Ханзада Қайратова;
- 78 келіден жоғары – Толқын Тұрсынақынова.
Айта кетейік, бұл алдын ала жарияланған құрам болғандықтан, жарыс басталғанға дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.



