
Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры мәресіне жетті. Тур аясында сегіз матч өтіп, көшбасшылар маңызды ұпайлар еншіледі, ал турнирлік кестедегі бәсеке одан әрі қыза түсті.
Турдың орталық кездесулерінің бірінде «Қайрат» сырт алаңда «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңіп, чемпиондық жарыстағы мүмкіндігін сақтап қалды. Көш басындағы «Ордабасы» да кезекті жеңісіне қол жеткізіп, «Ұлытауды» 1:0 есебімен тізе бүктірді.
«Жетісу» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түссе (1:0), «Елімай» «Қызылжарды» 2:0 есебімен ұтты. «Каспий» «Атырауды» дәл сондай есеппен жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Қалған кездесулерде «Қайсар» сырт алаңда «Ертісті» 2:1 есебімен жеңді. «Тобыл» өз алаңында «Алтай Өскеменнен» 3:1 есебімен басым түссе, Астанада өткен турдың соңғы матчында «Жеңіс» пен «Астана» 2:2 есебімен тең тарқасты.
15-турдың нәтижелері:
- «Оқжетпес» – «Қайрат» – 1:3
- «Жетісу» – «Ақтөбе» – 1:0
- «Елімай» – «Қызылжар» – 2:0
- «Каспий» – «Атырау» – 2:0
- «Ертіс» – «Қайсар» – 1:2
- «Ұлытау» – «Ордабасы» – 0:1
- «Тобыл» – «Алтай Өскемен» – 3:1
- «Жеңіс» – «Астана» – 2:2
Тур қорытындысы бойынша «Ордабасы» 37 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды. Екінші орында 36 ұпаймен «Қайрат» келеді. Үздік үштікті 27 ұпай жинаған «Оқжетпес» түйіндейді. Төртінші және бесінші орындарды 23 ұпайдан еншілеген «Елімай» мен «Астана» иеленіп тұр. Ал «Ұлытау» да 23 ұпаймен алтыншы орында келеді.



