ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық дзюдошылар Прагадағы Еуропа кубогында алтын және қола медаль жеңіп алды

Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан құрамасының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шерзод Давлатов финалда Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен кездесіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтап, алтын медаль жеңіп алды.

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Нұраділ Әлжан қола медаль үшін өткен кездесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсіп, жарысты үздік үштіктің қатарында аяқтады.

Ал әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алғанымен, шешуші белдесуде португалиялық Рошели Нунеске есе жіберіп, турнирді жүлдесіз аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button