
Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарына енді.
Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында Екатерина Носкова мен Мария Чернец мәреге 7 минут 21,91 секунд нәтижесімен жетіп, қола медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені 7:14.74 уақыт көрсеткішімен Жапония құрамасы иеленсе, Перу спортшылары 7:18.51 нәтижесімен күміс медальға қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Люцерндегі Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жүлдесін қоржынға салды.



