БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатында стенд атудан алтын медаль жеңіп алды

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан стенд атудан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы командалық трап бағдарламасында өнер көрсеткен қазақстандық мергендер 337 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Алтын медальді Элеонора Ибрагимова, Мария Горун және Милана Папчихина жеңіп алды.

Күміс жүлде 335 ұпай жинаған Италия құрамасына бұйырды. Валентина Арчетти, Стелла Пьяцца және Мартина Монтани екінші орынға ие болды. Ал бейтарап ту астында өнер көрсеткен Ресей құрамасы 334 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жастар арасындағы әлем чемпионатындағы екінші медаль тіркелді. Бұған дейін Ринат Казаченко нысана көздеуден 50 метр қашықтықта шағын калибрлі винтовкамен үш қалыптан ату бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button