БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы шпагамен семсерлесуден қола жүлдеге ие болды.

Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева және София Николайчуктан құралған ұлттық құрама жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, Таиланд пен Жапония командаларын жеңді.

Қазақстандық спортшылар финал жолдамасы үшін өткен жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде қарсыластар 45:29 есебімен басым түсіп, Қазақстан құрамасы чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.

Осылайша, қазақстандық шпагашылар құрлық біріншілігінің қола медаль иегерлері атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дели қаласындағы Азия чемпионатын бес медальмен қорытындылады. Ирина Бакалдина жекелей шпага сайысында алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдеге қол жеткізді. Ерлер арасындағы командалық шпага жарысында Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанса, командалық қылыш бағдарламасында да қола медаль еншілеген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button