БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық қылышшылар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы қылыш сайысында қола жүлдеге ие болды.

Командалық жарыста қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, жарыс барысында Иран құрамасын 45:33, ал Өзбекстанды 45:43 есебімен жеңді. Жартылай финалда Олимпиада чемпиондары саналатын Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол бергенімен, Қазақстан командасы турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Қола жүлдені Артем Саркисян, Жанат Нәбиев, Нұрмұхаммед Жайлыбай және Назарбай Саттархан иеленді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Дели қаласындағы Азия чемпионатындағы үшінші медалі болды. Бұған дейін Ирина Бакалдина әйелдер арасындағы шпага сайысында чемпион атанса, Руслан Курбанов ерлер арасындағы шпага бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button