БОКСТРЕНДТЕ

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогының чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық былғары қолғап шебері финалда Өзбекстан өкілі Асилбек Джалиловпен кездесіп, төрешілердің екіге жарылған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай халықаралық турнирдің чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасының алтын медаль саны төртеуге жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) де Әлем кубогының жеңімпаздары атанған болатын.

Қазақстандық боксшылар Қытайдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік деңгейдегі турнирде ел қоржынына бірнеше алтын және қола медаль әкелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button