БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстанның бес боксшысы Әлем кубогының финалына жолдама алды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Қазақстан құрамасының бес өкілі финалға шығып, алтын медаль үшін таласатын болды.

50 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Мартин Сальвадорды жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

54 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай Таиланд боксшысы Натничи Чонгпронглангтан басым түсіп, финалға шықты.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Өзбекстан өкілі Ситора Турдибекованы жеңіп, алтын медаль үшін күресетін болды.

70 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов Иордания боксшысы Зейяд Ишаишті ұтып, финалға жолдама алды.

90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай Бразилия өкілі Жоэль Рамосты жеңіп, турнирдің финалына шықты.

Ал Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі жартылай финалда тоқтады. Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өз қарсыластарына есе жіберіп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері 21 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы бес алтын медаль үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button