ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстандық жеңіл атлеттер 4×400 метрлік аралас эстафетада үздік нәтиже көрсетіп, құрлық чемпиондарының атағына ие болды. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс құрамасы жарыс жолын 3 минут 16,75 секундта аяқтап, мәреге бірінші болып жетті.

Күміс медальді Үндістан құрамасы еншіледі. Олар 3 минут 17,06 секунд нәтиже көрсетті. Ал жарыс қожайыны Қытай құрамасы 3 минут 17,20 секунд уақытпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесін бірден алтын медальмен бастады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Жарыстың соңғы күні қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада да жүлделер үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button