БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ринат Казаченко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді.

Қазақстандық мерген Ринат Казаченко 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында күміс жүлде жеңіп алды.

Финалда отандасымыз 355,2 ұпай жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алтын медальді 355,9 ұпай көрсеткен Рохит Каньян иеленсе, үшінші орынға 344,0 ұпаймен Патрик Энтнер тұрақтады.

Осылайша, Ринат Казаченко Қазақстан құрамасының қоржынына жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы медальді салды.

Айта кетейік, Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігі жалғасуда. Қазақстандық мергендер жарыстың келесі күндерінде де жүлделер үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button