БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Виктор Друзин Әлем кубогының суперфиналында қола медаль жеңіп алды

Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының спортшысы Виктор Друзин жүлдегерлер қатарына енді.

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 235.4583 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған қола медаль иеленуге мүмкіндік берді.

Алтын жүлдені 249.2033 ұпаймен Ранджуо Томблин жеңіп алса, күміс медальді 245.6576 ұпай жинаған Муе Го еншіледі.

Осылайша, Виктор Друзин Қазақстан құрамасының қоржынына әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналындағы алғашқы жүлдені салды. Торонтодағы жарыс 21 маусымға дейін жалғасады, ал қазақстандық спортшылар өзге бағдарламаларда да медаль үшін күресін жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button