БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстанның үш боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының үш өкілі жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтаевты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, турнирдің үздік төрттігіне енді.

50 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай да сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық былғары қолғап шебері Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Әйелдер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Оңтүстік Корея спортшысы О Ён Джиді сенімді жеңіп, медаль үшін күресін жалғастыратын болды.

Ал Лаура Есенгелді (70 келіге дейін) мен Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Әлем кубогының кешкі сессиясында Қазақстан құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) рингке шығады. Олар да жартылай финал жолдамасы мен жүлделер үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button