ТЕННИСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогындағы алғашқы ойынының күні белгілі болды

Билли Джин Кинг кубогының ұйымдастыру комитеті Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін финалдық кезеңнің толық кестесін жариялады. Турнир 22-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалда Испаниямен кездеседі. Командалар арасындағы матч 23 қыркүйекке жоспарланған.

Финалдық кезең 22 қыркүйекте Чехия мен Ұлыбритания құрамалары арасындағы ширек финалдық кездесумен басталады. Ал 24 қыркүйекте Украина – Бельгия және Қытай – Италия жұптары өзара мықтыны анықтайды.

Жартылай финалдық ойындар 25 және 26 қыркүйекте өтеді. Қазақстан мен Испания арасындағы кездесудің жеңімпазы Чехия – Ұлыбритания жұбының үздігімен финал жолдамасын сарапқа салады.

Турнирдің шешуші финалдық кездесуі 27 қыркүйекке белгіленген.

Билли Джин Кинг кубогының регламентіне сәйкес, әрбір матч екі жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Командалық кездесудің жеңімпазы үш матчтың қорытындысы бойынша анықталады. Барлық ойындар екі жеңіске дейінгі форматта өтеді, ал әр сетте тай-брейк қолданылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button